Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 102 бұйрығы (күші жойылды)

«Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 102 бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 2 мамырдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16894 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдерін, заңды күшіне енген сот актілерін, атқарушылық іс жүргізу, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдіру бойынша қадағалауды ұйымдастыру нұсқаулығы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2) аталған бұйрықпен бекітілген Заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізу және Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерінің бағалау қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку