(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1113 Қаулысы
(2022.09.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1113 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2022.09.03. № 114 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Щегорцова Анастасия Геннадьевна
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, хатшы,
|
Ахметов Әділ Құрманжанұлы
| - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),
|
Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы,
|
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы
| - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор,
|
Редакция документа
Демо – версия документа