(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1113 Қаулысы
(2016.23.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 26 қазандағы
№ 1113 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
7-1-тармақтағы «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Омаров Бауыржан Жұмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы,
|
Щегорцова Анастасия Геннадьевна
| - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, хатшы,
|
Әлісжанов Сарқыт Қалымұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор,
|
Әбдірәсілов Ербол Құралбайұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры, филология ғылымдарының докторы,
|
Редакция документа
Демо – версия документа