(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2011.21.07 № 118 ЖАРЛЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Елдің әрбір өңірінің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану негізінде халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы (бұдан әрі - Болжамды схема) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) үш ай мерзімде Болжамды схеманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қараңыз
3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 31, 337-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы шілденің 21-і.
№ 118
Президентінің
2011 жылғы 21 шілдедегі
№ 118 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі
БОЛЖАМДЫ СХЕМАСЫ
Астана, 2011 жыл
Мазмұны
І бөлім. Аумақтардың экономикалық әлеуетін талдау және бағалау
1. Өңірлерді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті бойынша жіктеу
2. Демографиялық және еңбек әлеуетін бағалау
2.1. Елдегі және өңірлер бөлінісіндегі демографиялық даму мен урбандалу үрдістері
2.2. Ішкі көші-қонның негізгі үрдістері және факторлары
2.3. Елде және өңірлер бөлінісінде еңбек нарығының негізгі индикаторларының сипаттамасы
Редакция документа
Демо – версия документа