Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 167 Жарлығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы

 

ҚР Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен күші жойылды

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің түсініктемесін қара

 

Елдің орнықты дамуы және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) бір ай мерзімде Стратегияны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

2) жыл сайын 30 қаңтарға Мемлекет басшысын Стратегияның орындалу барысы туралы хабардар етсін;

3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы тамыздың 28-сі.

№ 167

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку