(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКIШТЕРIНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫ...
Осы редакция 2018 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016.19.02. № 50 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе)
ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.21.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.21.07. № 212 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа