(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИН. М. А. 2015.22.05 № 19...
Осы редакция 2016 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 191 бұйрығына
2-қосымша
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе)
ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыружөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11238 тіркелген «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініш қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвеститция және даму министрлiгiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - ХҚО);
3) www.egov.kz «электрондық үкiмет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта рәсімдеу немесе стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің әзірлігі туралы күні және орны көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық нысан.
Редакция документа
Демо – версия документа