«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 212 бұйрығы (күші жойылды)
«Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 212 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мәдениет саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11447 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Фильмге прокаттау куәлiгiн беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша берілген фильмге прокаттау куәлігі (бұдан әрі - прокаттау куәлігі), не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа