Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына 4-қосымша) (2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрінің

2015 жылғы 7 сәуірдегі

№ 315 бұйрығына

4-қосымша

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметінің регламентіне қараңыз

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.27.12. № 940 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2018.27.12. № 940 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;

2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi:

1) босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру;

2) босқынның мәртебесін ұзарту;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции