(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛ...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемеcінің кейбір мәселелері
Осы редакция 2017 жылғы 16 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарамағына беру арқылы қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігін «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган етіп айқындасын;
2) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің ақпараттық жұмысының мекемемен өзара іс-қимылын қамтамасыз етсін;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін қараңыз
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.
4-тармақ мекеме белгіленген тәртіппен қайта тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
4. Мыналардың:
1) 1-тармағын қоспағанда, «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1067-құжат);
Редакция документа
Демо – версия документа