«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 7 бұйрығы (2017.16.01. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 7 бұйрығы
(2017.16.01. берілген толықтырулармен)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 45 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 353 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті:
1) осы бұйрық бекітілгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бұйрықты бекіткен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Д. Абаев |
Ақпарат және коммуникациялар министрінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 7 бұйрығымен бекітілген
Документ утратил силу
Демо – версия документа