(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАЗ...
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 Қаулысы
(2020.06.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2019.29.10. № 808 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2019.29.10. № 808 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2017.15.05. № 264 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.29.10. № 808 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасынын
Үкіметінің
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 575 қаулысымен бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен базалық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа