«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 264 Қаулысы (күші жойылды)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 264 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1022 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 15 мамырдағы
№ 264 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 575 қаулысымен
бекітілген
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық,
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ғылыми зерттеулерді, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен базалық қаржыландыру, сондай-ақ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа