(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҮШІНШІ ТАРАПТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ШЫҒАТЫН Т...
Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 Қаулысы
(2021.14.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2021.14.07. № 488 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.14.07. № 488 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын және қауіпсіздік пайымдаулары бойынша шараларды қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа