«Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 Қаулысы (2020.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 Қаулысы
(2020.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2020.30.11. № 809 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1196 қаулысымен
бекітілген
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу, ресімдеу, есепке алу, көбейту, сақтау, пайдалану, түріне және (немесе) ақпаратты жеткізгішке қарамастан таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын құжаттарды, істерді және басылымдарды тұрақты сақтауға іріктеу және жоюға бөлу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қамтитын қызметтік ақпаратпен жұмыс тәртібіне қолданылмайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа