(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК ЖҰМЫС КҮШІН ТАРТУ...
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидаларын, Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттарын бекіту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 Қаулысы
(2016.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары;
2) Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары бекітілсін.
2. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа