Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекітілген) (2016.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қаңтардағы

№ 45 қаулысымен

бекітілген

 

 

ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға, сондай-ақ жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға және корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары

(2016.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2015.31.03. № 173 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.

Қағидалар шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыру шеңберінде ауыстырылатын шетелдік қызметкерлерді тартуға рұқсаттар беру тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Шетелдік жұмыс күшін тарту Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін квотаның негізінде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.08.05. № 467 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.08.10. № 1065 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.03. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бизнес-көшіп келуші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатымен келген көшіп келуші;

2) бос жұмыс орны - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции