(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ...
Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы
(2023.03.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.24.11. № 473 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.23.05. № 172 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.24.11. № 473 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.24.11. № 473 бұйрығымен алып тасталды (2022 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа