Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ...

Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығы

(2022.01.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 23 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.01.03. № 81 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку