(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ КЕЙБІ...
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысы
(2007.19.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығын iске асыру және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтарының комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштерi бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ракета әскерлерi мен артиллерия қолбасшысының басқармасы;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тыл бастығы басқармасы мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.19.12 № 1241 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) (құпия).
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) бiр ай мерзiмде 2004-2005 жылдар кезеңiне арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң штат санының лимитi бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінiң, Штаб бастықтары комитетiнiң және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын енгiзсiн;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі штат санының лимитi шегiнде Штаб бастықтары комитетiнiң құрылымын әзiрлесiн және бекiтсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа