(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 6 ТАМЫЗДАҒЫ № 785 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 785 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.11.04 ж. № 1189 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылымын одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2003 жылғы 7 мамырдағы № 1085 Жарлығын iске асыру және Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтарының комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштері құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери-теңiз күштерi бас қолбасшысының басқармасы;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Ракета әскерлерi мен артиллерия қолбасшысының басқармасы;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тыл бастығы басқармасы мемлекеттік мекемелерi құрылсын.
3. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтарының комитетi туралы ереже бекiтілсін:
2) (құпия).
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) бiр ай мерзiмде 2004-2005 жылдар кезеңiне арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң штат санының лимитi бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінiң, Штаб бастықтары комитетiнiң және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын енгiзсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа