Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Соттардың заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 2 Нормативтік қаулысы

Соттардың заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді оңалту және олардың банкроттығы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы № 2 Нормативтік қаулысы

 

Соттардың оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдану практикасын зерделеп және оны біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы мынадай түсініктемелер беруге қаулы етеді.

1. Қазақстан Республикасының заңнамасы оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі - Конституция) негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен (бұдан әрі - АПК), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінен (бұдан әрі - Кәсіпкерлік кодекс), «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңынан (бұдан әрі - Заң), қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің (бұдан әрі - борышкер) берешегін қайта құрылымдау рәсімін, оларды оңалту рәсімін жүзеге асыру және банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату ерекшеліктерін белгілейтін өзге де заңдар мен нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Заңда көзделгендегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

2. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату рәсімдерін қолдану туралы істерді, жоғарыда көрсетілген рәсімдерді жүргізу шеңберінде туындайтын даулар бойынша істерді соттар Заңда белгіленген ерекшеліктерімен азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары бойынша қарайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку