«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 184 бұйрығы (күші жойылды)
«Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 184 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 7-бабы 23-3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10164 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 ақпанында жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Прокаттау куәлігі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген, «Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі. Прокаттау куәлігі уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында рәсімделеді, өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жолданады.»;
көрсетілген бұйрыққа қоса берілген қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпарат-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жолдауды;
Документ утратил силу
Демо – версия документа