Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы (2015.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы

(2015.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Қоса берілген тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Қожамжаров

 

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі Төрағасының

2014 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 58 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына
үлгілік біліктілік талаптары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы үлгілік біліктілік талаптары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) A, В, С, D, Е санаттары топтарына белгіленген және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015.22.06. № 189 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Үлгілік біліктілік талаптары:

1) білімі бойынша талаптарды;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции