(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОР...
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 58 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 5-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қоса берілген тізілімге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлық профилактикасы департаменті (Ә.А. Көмекбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Қ. Қожамжаров |
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 58 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына
үлгілік біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы үлгілік біліктілік талаптары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарының (бұдан әрі - үлгілік біліктілік талаптары) A, В, С, D, Е санаттары топтарына белгіленген және оларға қатысты лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Үлгілік біліктілік талаптары:
1) білімі бойынша талаптарды;
2) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды;
Редакция документа
Демо – версия документа