«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығы (2017.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығы
(2017.28.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 24 қарашадағы № 591 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.17.04. № 215 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу және беру әдістемесі бекітілсін;
2) осы бұйрыққа қоса берілетін 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты ізденуге ұсынылған жұмыстарға сараптама-талдамалық баға беруді жүргізу жөніндегі секциялар туралы ереже;
3) осы бұйрыққа қоса берілетін 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты ізденуге ұсынылған жұмыстарға сараптама-талдамалық баға беруді жүргізу жөніндегі секциялар құрамы.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015.17.04. № 215 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев):
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуін және олардың сараптамалық-талдамалық бағалауын ұйымдастырсын;
2) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдарды уақтылы ресімдеу, төсбелгілерді даярлау бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа