(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2015.28.01 № 38 Б...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 17 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу және беру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев):
1) Ұлттық ғылыми кеңестердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтарын алуға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуін және оларды тәжірибелік-сараптамалық бағалауын ұйымдастырсын;
2) Мемлекеттік сыйлық лауреаттарына дипломдарды уақтылы ресімдеу, төсбелгілерді даярлау бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Сәрінжіпов |
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 38 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника
саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды
ұсынудың, ресімдеудің және берудің
ӘДІСТЕМЕСІ
Редакция документа
Демо – версия документа