(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2002 Ж. 26 ШІЛДЕДЕГІ № 833 ҚАУЛЫСЫ
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 Қаулысы
(2014.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.05. № 581 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі, «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.30.05. № 581 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа