Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 26-бабының 12-тармағына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңы 39-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы үшін жоғары әскери білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы - Қазақстан Республикасы ІІМ комитеті (Р.Ф. Жақсылықов) заңда белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген соң күнтізбелік он күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы - Қазақстан Республикасы ІІМ комитетінің төрағасына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін.

4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 620 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 24 қаңтарда № 8300 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылғы 16 ақпандағы №59-60 (27333-27334) санында жарияланған).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку