«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 620 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 620 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 шілдедегі № 483 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы» Заңның 21-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Заңның 19-бабына, «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 9-бабының 1-тармағына, «Білім туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 маусымда № 180 (26601) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау ережесі:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.».
2. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидасы бекітілсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа