(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.28.02 № 202 ҚАУЛЫСЫ
Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 202 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат):
1-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бағдарлама - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарлама;»;
2) тармақша алынып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа