«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысымен бекітілген) (2013.28.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2014.25.02. № 150 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.28.02. № 202 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.28.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013.28.02. № 202 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй мекенжайы бойынша көрсетеді.
Осы стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың кең ауқымына қол жетімді стандарт;
2) бағдарлама - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарлама;
3) комиссия - Министрліктің құжаттарды қарау, мемлекеттік қызмет алушыларды - бағдарламаға қатысушыларды айқындау және субсидияларды бөлу үшін құрылатын комиссиясы;
4) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;
5) тартылған консультант - халықаралық стандартты (халықаралық стандарттарды) енгізу жөніндегі консалтингтік (консультациялық) қызметтерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
ҚР Үкіметінің 2013.28.02. № 202 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағы 7) тармақшасының, 9-бабының 2-тармағы 2) тармақшасының және 11-бабының;
2) ҚР Үкіметінің 2013.28.02. № 202 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Документ утратил силу
Демо – версия документа