Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығы (2019.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы

(2019.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын.

ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Кеңес туралы ереже бекітілсін.

ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Кеңестің дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 9-ы.

 

№ 791

 

ҚР Президентінің 2019.05.08. № 87 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 9 сәуірдегі

№ 791 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы

 ЕРЕЖЕ

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции