Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНАН ҰЛТТЫҚ...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы

(2019.01.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимыл жасауын жандандыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі — Кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Кеңес туралы ереже;

2) Кеңестің лауазымдық құрамы бекітілсін.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы сәуірдің 9-ы.

 

№ 791

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 9 сәуірдегі

№ 791 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Кеңестің қызметін қамтамасыз етуді Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.

ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кеңестің жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.

 

 

2. Кеңестің негізгі міндеттері

 

5. Кеңестің негізгі міндеттері:

1) мына:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку