(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1997.13.08 № 3614 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығы
(2012.01.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Президентінің 2012.01.03. № 273 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
«Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 1 қазандағы № 1356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 41, 472-бап);
«Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 1 қазандағы № 1356 қаулысымен бекітілген ережеге өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3477 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Президентінің
1997 жылғы 13 тамыздағы
№ 3614 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы
(ҚСЗИ)
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы Ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (бұдан былай - Институт) мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесi болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа