(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 1997.13.08 № 3614 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614
(2008.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 1 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 1 қазандағы № 1356 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 41, 472-бап);
"Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 1 қазандағы № 1356 қаулысымен бекітілген ережеге өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 3477 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Президентінің
1997 жылғы 13 тамыздағы
№ 3614 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты туралы
(ҚСЗИ)
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы Ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (бұдан былай - Институт) мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының стратегиялық аспектiлерiн талдау тұрғысынан қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесi болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа