(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИН. 2011.25.08 № 147 Ж/Е ҚР ЭК...
Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы
(2013.11.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кісіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
С. Мыңбаев |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушы |
Д. Шәженова |
ҚР Мұнай және газ министрінің 2013.11.07. № 123 және ҚР Өңірлік даму министрінің м.а. 2013.16.07. № 135/НҚ Бірлескен бұйрығымен тексеру парағының нысаны өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2011 жылғы 25 тамыздағы № 147
және Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа