Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ МИН. 2011.25.08 № 147 Ж/Е ҚР ЭК...

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі м.а. 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2013 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына, «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қоса беріліп отырған Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кісіпкерлік субъектілерін тексеру парағының нысаны бекітілсін;

2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А.Момышев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министрі Л.К.Кииновқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мұнай және газ министрі

 

С. Мыңбаев

 

Қазақстан Республикасының

Экономикалық даму және сауда

министрінің міндетін атқарушы

 

 

Д. Шәженова

 

Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің

2011 жылғы 25 тамыздағы № 147

және Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда

министрі міндетін атқарушының

2011 жылғы 31 тамыздағы № 276

бірлескен бұйрығымен

бекітілді

 

Нысан

 

 

Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру парағы

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку