Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2012.31.01 № 31 БҰЙРЫҒЫ

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығы

(2012.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесі бекітілсін.

2. Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Имашев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2012 жылғы 31 қаңтардағы

№ 31 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер:

1) мәмілелерді куәландыру;

2) мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру;

3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;

4) некелік келісім-шарттарды куәландыру;

5) өсиеттерді куәландыру;

6) сенімхаттарды куәландыру;

7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;

8) мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау;

9) мұраға құқық туралы куәліктер беру;

10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;

11) мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку