Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 406 бұйрығы

«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 406 бұйрығы

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 154-156 (26973-26975) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ереже мемлекеттік нотариустар мен жекеше практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі - нотариус) нотариаттық іс-әрекеттер:

1) мәмілелерді куәландыру;

2) мүлікті иеліктен алу туралы шарттарды куәландыру;

3) мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру;

4) некелік келісім-шарттарды куәландыру;

5) өсиеттерді куәландыру;

6) сенімхаттарды куәландыру;

7) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландыру;

8) мұрамен сенімгерлік басқарушыны тағайындау;

9) мұраға құқық туралы куәліктер беру;

10) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығы негізінде мүлкі бар басқа адамдардың ортақ мүліктегі үлесіне меншік құқығы туралы куәліктер беру;

11) мүлікті иеліктен алуға тыйым салу және тыйымды жою;

12) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру;

13) құжаттардағы қолдардың түпнұсқалығын куәландыру;

14) құжаттардың бір тілден екінші тілге аудармасының дұрыстығын куәландыру;

15) фактілерді куәландыру;

16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру;

17) ақшаларды депозитке қабылдау;

18) вексельдер наразылықтарын жасау;

19) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку