Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1542 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1542 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру:

мекенжайлары www.con.gov.kz  сайтында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық);

«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап - отыз минуттан артық емес;

осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты - он минуттан артық емес;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - он минуттан артық емес;

2) орталыққа өтініш берген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - жиырма минуттан артық емес;

осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты - он минуттан артық емес;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку