«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 680 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттің өзінің қаржы-шаруашылық қызметінде жасалатын операцияларды жеке есепке алу жөніндегі бухгалтерлік есептің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 наурыздағы № 330 қаулысы.
2. «Мемлекеттік астық ресурстарының көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 28-құжат).
3. «Сарапшы ұйымға қойылатын біліктілік талаптарын және Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 46, 543-құжат).
4. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысы.
5. «Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 351 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 31, 245-құжат).
Демо – версия документа