(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.03 № 414 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 Қаулысы
(2013.20.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 31 наурыздағы
№ 414 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссия мен пайымдау
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы - дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Пайымдау - бәсекеге қабілетті спорт құмар ұлтты қалыптастыру.
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
ҚР Үкіметінің 2012.28.12. № 1719 Қаулысымен 1-кіші бөлімі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.
Елімізде бұқаралық спорттың дамуы
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
Редакция документа
Демо – версия документа