«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1719 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1719 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 2-бөлімнің «1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру» деген кіші бөлімі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.
Елімізде бұқаралық спорттың дамуы
Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
2011 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа