(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 13.07.99 Ж. № 422-1 ЗАҢЫ
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы
1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 17 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы | |
6-1-тарау. Апелляциялық кеңес және патенттік сенім білдірілген өкілдер | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 540-ІV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - патент иесінің селекциялық жетістікті өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы;
2) апелляциялық кеңес - уәкілетті органның дауларды сотқа дейін қарау жөніндегі бөлімшесі;
3) асыл тұқымды мал - тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;
Редакция документа
Демо – версия документа