(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 13.07.99 Ж. № 422-1 ЗАҢЫ
Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы
1999 ж. 13 шілдедегі № 422-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 3 баптар)
2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі (4 - 7 баптар)
3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған (8 - 10 баптар)
өтінімнің сараптамасы
4-тарау. Автор және патент иесі (11 - 17 баптар)
5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану (18 - 20 баптар)
6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату (21 - 22 баптар)
7-тарау. Қорытынды ережелер (23 - 29 баптар)
1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
Осы Заң селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы қызметтің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, селекциялық жетістіктерді жасауға, ашуға, шығаруға, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын мүліктік, сондай-ақ олармен байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) айрықша құқық - патент иесінің селекциялық жетістікті өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы;
Редакция документа
Демо – версия документа