(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.13.09 № 1195 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1195 қаулысымен
бекітілген
«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.21.05. берілген өзгерістермен)
1. «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырып, сертификаттық зерттеудің актісін жасағаннан кейін - күнтізбелік 10 күн;
Редакция документа
Демо – версия документа