«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы (2013.04.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы
(2013.04.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1311 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Документ утратил силу
Демо – версия документа