(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.20.06 № 674 ҚАУЛЫСЫ
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы
(2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкiметiнiң
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификатты беру тәртібін белгілейді.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаты басқа тұлғаға беруге жатпайды.
3. Авиациялық оқу орталығының сертификаты осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзімге беріледі.
4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Редакция документа
Демо – версия документа