Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1129 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1129 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған
елді айқындау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

«Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызмет регламентiн қараңыз

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, «Эталон орталығы» ғимараты, Орынбор көшесі, 11 көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 11) тармағының негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 9 қазандағы № 274 бұйрығымен бекітілген Сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді айқындау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Комитеттің www.memst.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Қағаз жеткізгіштегі сарапшы-аудитор аттестаты немесе біліктілік аттестаты не жазбаша түрде дәлелді бас тарту көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелері болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитетке құжаттар түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұруға кететін ең ұзақ уақыт - 20 минуттан аспайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку